Қазақстан мен Нидерланды топан су тасқынымен күресуде

 фото на taspanews.kz от 29 мая 2024 12:56
ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі
 фото на taspanews.kz от 29 мая 2024 12:56
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Қазақстан мен Нидерланды су тасқынына қарсы бірге күресіп, су шаруашылығы мамандарын даярлауға бағытталған екіжақты меморандумдар жасалды, – деп хабарлайды Taspanews ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап


Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұл ынтымақтастық елдер арасындағы байланысты нығайтып, ірі жобаларды жүзеге асыруға серпін болатынына сенім білдірді.


«Бүгінгі кездесу Нидерландымен қарым-қатынасымыздың маңызды кезеңі болып табылады. Біздің ынтымақтастығымыз ауқымды және перспективті жобаларды жүзеге асыруға көмектесетініне, ал тәжірибе мен технология алмасу отандық су секторының әлеуетін ашуға көмектесетініне сенімдімін» Нұржан Нұржігітов

Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Нидерландтың Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы бірінші меморандум су шаруашылығы нысандарын салу және пайдалану, су тасқынын болжау және олардың алдын алу шараларын жоспарлау саласындағы ынтымақтастықты қамтиды. Бұл құжат, сонымен қатар, тасқын суларды реттеу және пайдалану бойынша тәжірибе алмасуды және Нидерланды ұсынған өзен ағынын басқарудың озық әдістерін зерттеуді қамтиды.


Делфт су білім беру институтымен (IHE Delft) қол қойылған екінші меморандум су шаруашылығы саласында болашақ мамандарды даярлауға, ғылыми және технологиялық салалардағы ынтымақтастыққа қатысты. Осы келісім аясында ғылым және су ресурстарын басқарудағы инновациялық технологиялар саласындағы білім беру бағдарламалары мен білім алмасуға жәрдемдесетін болады.


Следите за новостями Taspanews