Беларусь ұйымнан шыққан жағдайда Армения ҰҚШҰ құрамында қалуға дайын

Фото: Уикипедия

Беларусь президенті Александр Лукашенко билікте болғанша Армения билігі бұдан былай Беларусь еліне бармайды. Бұл туралы бүгін парламентте сөйлеген сөзінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп жазады Taspanews.kz Eadaily басылымына сілтеме жасап.


«Александр Лукашенко Беларусь президенті болған кезде мен Беларусь еліне енді ешқашан келмейтінімді мәлімдеймін» Никол Пашинян

Ол, сондай-ақ, Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуы осы ұйымдағы мүшелікті тоқтатудың заңды жалғасы болатынын айтты. Алайда Лукашенко Армениядан кешірім сұраса немесе Беларусь ҰҚШҰ-дан шықса, Ереван өз ұстанымын қайта қарауы мүмкін.


Беларусь пен Армения бірқатар интеграциялық бірлестіктердің, соның ішінде ҰҚШҰ-ның мүшелері болып табылады. Дегенмен, Минск пен Ереван арасындағы қарым-қатынас өте шиеленісті. Мәселен, Армения басшылығы Беларусь пен Әзірбайжан арасындағы тығыз байланысқа наразы.


Шамамен бір ай бұрын Пашинян ҰҚШҰ-ға мүше екі ел Әзірбайжанға Таулы Қарабақтағы соғысқа дайындалуға көмектесіп жатқанын айтқан. Бұған жауап ретінде Александр Лукашенко Армения премьер-министрін туған күнімен құттықтап, жақындасу мен ынтымақтастық үшін халық дипломатиясын дамытуға кеңес берді. Бұл мәлімдемелер Армения мен Беларусьтің ортақ интеграциялық құрылымдарға мүше болғанына қарамастан арасындағы шиеленісті көрсетеді.


Бұл елдер ортақ тіл тауып, бар келіспеушіліктерді еңсере ала ма, белгісіз.