Душанбеде қазақстандық «Менің кішкентай Оскарым» моно-шоуы көрсетіледі

 фото на taspanews.kz от 29 мая 2024 14:34
Фото: ЖАС САХНА театры

Маусымның 28-і мен 30-ы аралығында Душанбеде қазақстандық «Менің кішкентай Оскарым» атты моно-шоу көрсетіледі, - деп хабарлайды Taspanews Тәжікстанның «Ховар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Махмуджон Вахидов атындағы Мемлекеттік жастар театрында «Менің кішкентай Оскарым» моно-шоуы көрсетіледі. Қойылымдағы басты рөлді алматылық М.Лермонтов атындағы Ұлттық академиялық орыс драма театрының актрисасы Марианна Покровская сомдайды.


Бұл спектакль жеті халықаралық фестивальге қатысып, Ресейде «Үздік жеке орындау» және Қазақстанда «Үздік әйел рөлі» номинацияларын иеленді.


Қойылымның сюжеті Эрик-Эммануэль Шмитттің «Оскар және қызғылт ханым» романына негізделген. Әңгіме айықпас дертке шалдыққан он жасар баланың өмірі туралы баяндайды, ол өзінің медбикесі қызғылт ханымның көмегімен өмірді сол қалпында қабылдауды, сүюді және кешіруді, достасуды және әр күннен ләззат алуды үйренеді.


Спектакль терең және әсерлі сюжеті үшін жоғары баға алды.


Следите за новостями Taspanews