Ердоған БҰҰ-ның «өлгенін» айтты

 фото на taspanews.kz от 29 мая 2024 15:38
Фото: Presidency of the Republic of Türkiye

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған парламенттегі партиясының отырысында сөйлеген сөзінде БҰҰ Газа секторындағы палестиналықтардың геноцидін тоқтата алмағандықтан ұйым ретінде олардың «өлгенін» мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews


«Рафахтың суреттері адам төзгісіз. Рафахқа жасалған шабуылдар қанды кезеңге енді. Шынымен де сендердің бойларында бір тамшы адамдық қалмады ма? 15 мың бейкүнә баладан не тіледің? Әй, Америка мемлекеті, бұл қан сенің де қолыңда. Бұл геноцид үшін сіз де олар (Израиль) сияқты жауап бересіз. Өйткені сен үндемедің. Газада адамзат өліп жатқанда, Еуропада демократия өліп жатыр, сөз бостандығы мен балалар құқығы да өліп жатыр» Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған

Ол Газа секторындағы қақтығыс кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының әрекет етпегенін – геноцидтің алдын алмағанын және өз қызметкерлерін қорғамағанын атап өтті.


«БҰҰ, егер сіз геноцидті тоқтата алмасаңыз, сізден не пайда? Әлемнің тағдыры бес елдің қолында болса, бұл ғимараттар не үшін қажет? БҰҰ тіпті өз қызметкерлерін қорғай алмайды. БҰҰ-ның рухы өлді» Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған

Следите за новостями Taspanews