Германия Нетаньяхуды тұтқындауға дайын екенін растады
Израильдің соттың заңдылығын қабылдамау туралы өтінішіне қарамастан Германия Израиль премьер-министрі Нетаньяхуды әскери қылмыс жасады деген айыппен ХКС ордерінен кейін қамауға алуға дайын, - деп хабарлайды Taspanews порталы The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.
Германия Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды әскери қылмыс жасады деген айыппен қамауға алуға ордер бергеннен кейін оны ұстауға дайын екенін растады, - деп хабарлайды Taspanews порталы The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.
Берлиндегі Израиль елшісі Рон Прозор әлеуметтік желіде федералды үкіметтен ХКС заңдылығын мойындамауды өтінді. Алайда канцлер Олаф Шольц үкіметі бұл өтінішті орындаудан бас тартты.
Сәрсенбі күні үкімет өкілі Штеффен Хебестрейттен Германия үкіметі Нетаньяхуды «Темір қылыштар» операциясында әскери қылмыс жасады деген айыппен тұтқындау ордерін орындауға дайын ба?» деген сұрақ қойылды.
Ол былай деп жауап берді: «Әрине. Иә, біз заңды сақтаймыз» деді.
Осы аптада ХКК бас прокуроры Кәрім Хан Израиль премьер-министрі Нетаньяху мен қорғаныс министрі Йоав Галантты тұтқындауға ордер беруді сұрады. Неміс үкіметінің израильдік шенеуніктерді неміс жеріне келгеннен кейін тұтқындап, депортациялау мүмкіндігі неміс бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды