Германияда саясаткер пышақпен жараланды

Фото: Bild

Сейсенбі күні кешке Германияның Мангейм қаласында оңшыл «Германия үшін балама» (AfD) партиясының кандидаты жарақат алды, - деп хабарлайды Taspanews Bild басылымына сілтеме жасап.


Оқиға сағат 22:45 шамасында (5 маусым Астана уақыты бойынша 00:45) базар алаңының маңында болған. 62 жастағы саясаткер Генрих Кох өзінің партиясының сайлау науқанындағы плакаттарын белгісіз біреулер жыртып алғанына куә болған. Араласуға шешім қабылдап, оған үш адам шабуыл жасады.


Газеттің хабарлауынша, шабуыл жасағандардың екеуі қашып кеткен, ал біреуі сол түні ұсталған.


AfD өкілі Эмиль Зензе Bild басылымына шабуылдың пышақ қолданылғанын айтты.


Зардап шеккен үміткер ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған тігіс салды. Жергілікті полиция оқиғаның болғанын растап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.