Ирина Юнусметова Олимпиадаға жолдама алды

 фото на taspanews.kz от 10 июня 2024 17:15
Фото: ҚР Спорт және Туризм министрлігі

Қазақстандық Ирина Юнусметова 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысуын Халықаралық оқ ату спорты федерациясы (ISSF) ұйымдастырған оқ атудан халықаралық жарыстардағы табысының арқасында қамтамасыз етті, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Юнусметова пневматикалық тапаншадан атуға маманданған. Осылайша, атқыштар бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде 6 лицензия бар.


Сонымен қатар, Қазақстанның Олимпиада ойындарына лицензияларының жалпы саны қазір 67-ге жетті.


Следите за новостями Taspanews