Израиль әуе күштерінің Алеппоға жасаған соққылары адам шығынына себеп болды
Фото: РИА Новости
Израиль күштерінің Сирияның Алеппо қаласының маңындағы аудандарына жасаған шабуылы салдарынан бірнеше жергілікті тұрғын қаза тапты, - деп хабарлайды Taspanews РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Сирия Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Израиль оңтүстік-шығыстан жасалған шабуылда «әуе агрессиясын» қолданып, қала маңындағы маңызды нысандарға соққы берді. Адам шығынынан бөлек, айтарлықтай материалдық шығын да келтірілген.
Бұған дейін Сирияның Sham FM радиостанциясы Израиль ұшақтары Сириядағы Алеппо маңындағы әскери позицияларға шабуыл жасағанын хабарлаған.