Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевке және барша әзірбайжан халқына Тәуелсіздік күні мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Taspanews Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тоқаев өз жолдауында Әзербайжанның мемлекеттік құрылымы мен халықаралық мәртебесін нығайтудағы елеулі жетістіктері бұл күнге ерекше мән беретінін атап өтті. Қазақстан достас Әзірбайжанның жетістіктерін зор ынтамен қабылдайды және достық пен өзара қолдау рухына негізделген көп қырлы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мән береді.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Әзірбайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы екі жақын халықтың гүлденуі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Тоқаев, сондай-ақ, Әлиевке ұлттық көшбасшы ретіндегі қызметіне одан әрі табыс, ал бүкіл Әзірбайжан халқына бейбітшілік, гүлдену және тұрақты даму тіледі.