Қаза тапқандар бар: Израиль Газа секторының ауруханасына шабуыл жасады

Фото: Pexels

ЦАХАЛ Палестиндік ХАМАС қозғалысының топтық орталығы тұрақтанған Газа секторындағы Дейр-Эль-Балах қаласындағы ауруханаға соққы берді, – деп хабарлайды Taspanews.kz eye.on.palestine-ға сілтеме жасап.


Израиль армиясы соққы жасамас бұрын қала тұрғындарына зиян келтіру қаупін азайтуға тырысқанына айтты. Ол үшін "дәлдігі жоғары қару қолдану, әуе бақылауы және қосымша барлау жұмыстары жүргізілді".


"Біраз уақыт бұрын Израиль қорғаныс армиясы мен ISA 8(Израильдің қауіпсіздік басқармасы - ИФ) барлау тобының басшылығымен Израиль әскери-әуе күштері Дейр-Эль-балах аймағындағы командалық-диспетчерлік орталығының ішінде жұмыс істеген террористерге соққы жасады. Бұрын "Шухада Аль-Акса" ауруханасы болған кешеннің аумағында орналасқан командалық орталықты ХАМАС террористері ЦАХАЛ әскерлері мен Израиль мемлекетіне қарсы бағытталған террористік іс-қимылды жоспарлау және жүзеге асыру үшін пайдаланды", – деді Израиль қорғаныс армиясы.


Соққыға ЦАХАЛ көп үлес қоспады десек те болады. Израильдің соққысынан өрт шығып, палестиналықтардың 30-дан астам шатырын жалын жайлады.


Әл-Ақса ауруханасының қабылдау бөлмесі қаза тапқандар мен жаралыларға толы.