Қазақстан Президенті Indorama корпорациясымен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады
Қасым-Жомарт Тоқаев Амит Лохиямен кездесіп, елдің ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды талқылады, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Indorama корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Амит Лохиямен кездесті.
Азиядағы ең ірі мұнай-химия өнімдерін өндіруші Индорама корпорациясының 32 елде 136 өндіріс орны бар және ол Forbes Global 2000 тізіміне енді. Кездесу барысында Жамбыл облысындағы кен орындары негізінде фосфорлы тыңайтқыштар өндіру жобасы талқыланды. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде минералды тыңайтқыштарды қолданудың маңыздылығы атап өтілді. Indorama Corporation елдегі химия өнеркәсібін дамыту үшін 2023 жылдың маусым айында Indorama Kazakhstan Mining еншілес компаниясын тіркеді.
Еске салайық, жақында Қазақстан-Сингапур бизнес форумы өтті. Оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Екі ел коммерциялық ынтымақтастыққа қол қойды.