Қазақстан Президенті Хорватияны ұлттық мерекемен құттықтады

 фото на taspanews.kz от 30 мая 2024 14:36
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия Президенті Зоран Милановичке және бүкіл хорват халқына ұлттық мереке – Мемлекеттілік күніне орай құттықтау жолдады. Бұл туралы Taspanews Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды


– Бүгінде Хорватия Еуропалық Одақтың ең белсенді елдерінің бірі бола отырып, тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын арттыру және халықаралық аренадағы беделін нығайту саласында айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Елдеріңізге өркендеу жолында алға жылжуын тілеймін. Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық серпін беретін ынтымақтастығымыздың көкжиектерінің ұдайы кеңеюін қанағаттанушылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміз арасындағы көп қырлы қарым-қатынастар одан әрі нығая түсетініне сенімдімін«, – делінген хабарламада. Қасым-Жомарт Тоқаев

Следите за новостями Taspanews