Қазақстан үшін талибандар енді террорист емес

 фото на taspanews.kz от 03 июня 2024 15:35
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан мәселесіне тоқталды. Тоқаевтың айтуынша, қазіргі жағдайда Ауғанстанды аймақаралық байланыстарға белсенді тарту басты міндеттеттердің бірі болып табылды, - деп хабарлайды Taspanews Ақорданың Telegram- арнасына сілтеме жасап. 


«Қазақстан қазіргі Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына және бұл режим ұзақ мерзімді фактор екенін түсінуге негізделген Талибан режимін террористік тізімнен шығарды» Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы мәселе бойынша ҰҚШҰ елдерінің келісілген ұстанымының маңыздылығын айта отырып, Мемлекет басшысы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Аймақтық орталығын құру жөніндегі қазақстандық бастаманы қолдауға шақырды.


Мемлекет басшысы заманауи сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге ден қою жүйелерін жетілдіру қажеттілігін ескере отырып, ҰҚШҰ күш-жігерін Қазақстанның төрағалығының басымдықтарында көрініс тапқан жұмыстың ең маңызды бағыттарына жұмылдыруды ұсынды.


Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестік қауіптермен күресу және ҰҚШҰ елдері азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет деп санайды.


Следите за новостями Taspanews