Әлемдегі ең қарт стюардесса Бетт Нэш қайтыс болды

 фото на taspanews.kz от 28 мая 2024 10:05
Фото: CBS

70 жылға жуық өмірін авиацияға арнаған Бетт Нэш 88 жасында қайтыс болды. Ол Гиннестің рекордтар кітабына ең ұзақ қызмет еткен стюардесса ретінде енгізілді, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі BBC сайтына сілтеме жасап


Қайғылы жаңалық: әлемдегі ең қарт стюардесса, өзінің рекордтық жұмыс тәжірибесімен танымал Бетт Нэш қайтыс болды. Ол 70 жылға жуық өмірін авиацияға арнады.


88 жастағы Нэштің қайтыс болғанын оның жұмыс істеген авиакомпаниясы American Airlines растады.


«Ол өзінің мансабын 1957 жылы бастады және Гиннестің рекордтар кітабына ең ұзақ жұмыс істеген стюардесса ретінде енгізілді. Артынан келе жатқан стюардессалар үшін үлгі болды» «American Airlines» авиакомпаниясы

Нэш 21 жасында American Airlines әуе компаниясының алдындағы Eastern Airlines компаниясында жұмыс істеді, ол күн сайын үйіне оралуы үшін Вашингтон мен Бостон арасында ұшатын.


Ол бастапқыда бірнеше жылдан кейін маршруттарын өзгертуді жоспарлады, бірақ соңында үнемі ұшатын жолаушылардың сүйіктісіне айналды.


«Адамдардың бәрі бірдей. Барлығына кішкене махаббат керек»  2017 жылы Бетт Нэштың CBS News-ке берген сұхбатының үзіндісі

АҚШ ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, ол 17 мамырда хосписте қайтыс болған. Жақында оған сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылды.


Бетт Нэш 2022 жылы 86 жасында әлемдегі ең қарт стюардесса ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.


Следите за новостями Taspanews