Минскіде өткен Belagro-2024 көрмесіне Қазақстанның атынан 70 компания қатысты

 фото на taspanews.kz от 04 июня 2024 13:18
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
 фото на taspanews.kz от 04 июня 2024 13:18
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
 фото на taspanews.kz от 04 июня 2024 13:18
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
 фото на taspanews.kz от 04 июня 2024 13:18
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Минскіде өткен «Белагро-2024» көрмесіне 70 қазақстандық компанияның өнімдері қойылды, – деп хабарлайды Taspanews АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап


3 маусымда 34-ші «Белагро-2024» мамандандырылған көрмесінде Қазақстанның ұлттық стенді жұмысын бастады.


Халықаралық форумға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысты.


Жеті күн ішінде 70-тен астам қазақстандық компанияның өкілдері агроөнеркәсіптік кешеннің озық өңдеу өнімдерін көрсетеді, өсімдік шаруашылығы, мал және құс шаруашылығының жаңа үрдістерін, сондай-ақ өңдеу, орау және сақтаудың заманауи технологияларын талқылады. 


Қатысушылар қатарында ЖШС «Көркем Әлем", "СПК Айбек", "Шин-Лайн", "Кублей", "Бөрте Милка", "Ваниль", "Аймар Құс", "Qasaq Meat", "Цин» сынды сүт және кондитер өнімдерін, бал, ет және шұжық өнімдерін өндірушілер бар. 


Көрме барысында қазақстандық институттардың ғылыми жетістіктері, соның ішінде егістік алқаптарына арналған дрондар, асыл тұқымды патенттер және in vitro өсімдіктері көрсетіледі.


Сондай-ақ, көрмеде «Күләш", "Апорт", "Рахат", "Алмалық 85» алмасының төрт сортын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тұқымдарына фитосанитарлық сараптамадан өткен Петри табақшаларын көруге болады.


Қазақстандық өндірушілер АҚ «BNK Grou", "AVAGRO" және "AgromashHoldingKZ» соңғы үлгідегі ауылшаруашылық техникасын көрсетті, оның ішінде комбайндар, тракторлар, жаңбырлатқыштар, араластырғыш жүйелер, сұйық тыңайтқыштарды себуге арналған машиналар және Sadko Next негізіндегі өздігінен жүретін бүріккіштер.


«Белагро-2024" көрмесі аясында қазақстандық делегацияның қатысуымен "Еуразиялық экономикалық одақтың азық-түлік қауіпсіздігі» пленарлық отырысы өтті.


Биыл «Белагро» агроөнеркәсіптік форумына Беларусь, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Армения елдерінен 490 компания, оның ішінде 150-ден астам азық-түлік өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілер қатысуда.


Следите за новостями Taspanews