Молдова мен АҚШ құпия ақпаратты алмасу және қорғау туралы келісімге қол қояды

 фото на taspanews.kz от 06 июня 2024 15:40
Фото: Pxhere

Молдова мен АҚШ үкіметтері құпия ақпаратты алмасу және қорғау туралы келісімге қол қояды,- деп хабарлайды Taspanews Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.


Бұл келісім екі ел арасындағы құпия ақпаратты қорғау саласындағы қарым-қатынастардағы жүйелілікті, айқындық пен жауапкершілікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ өзара шаралардың бірізділігін арттырады. Бұл туралы Молдова Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Михай Мыцу мәлімдеді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Мыцу ақпаратты қорғау мемлекеттік қауіпсіздіктің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.


Бейсенбі күні Молдова министрлер кабинеті АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге арналған делегация құрамын бекітті. Оның құрамына Ақпарат және қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кірді. Делегацияны ХҒС директорының орынбасары Виктор Ходорожа басқарады.


Айта кетейік, мамыр айының соңында Молдова Литвамен құпия ақпаратты алмасу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге қол қойған болатын.


Следите за новостями Taspanews