Ресей мен Вьетнам бір-біріне қарсы одақ жасамайды

 фото на taspanews.kz от 20 июня 2024 15:54
Фото: РИА Новости

Өзара сенімді нығайту және стратегиялық ынтымақтастықты қолдау мақсатында Ресей Федерациясы мен Вьетнам Социалистік Республикасы бір-бірінің мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін басқа елдермен одақтасудан аулақ болу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Taspanews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.


Мәскеу мен Ханойдың үкіметтік шеңберлері тараптардың егемендігіне, тәуелсіздігіне немесе аумақтық тұтастығына қол сұғуға бағытталған ешқандай одақ жасамайтыны туралы өзара мәлімдеме жариялады.


Кремльдің ресми сайтында 30 жыл бойы уақыт сынынан өткен Ресей-Вьетнам қарым-қатынасы тек достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған және үшінші елдерге ешқандай кері әсер етпейтіні туралы мәлімдеме пайда болды.


Следите за новостями Taspanews