Риши Сунак Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінен кетеді
Ұлыбританияның премьер-министрі және Консервативті партияның жетекшісі Риши Сунак өз позициясын тапсырды, сайлаудағы ұтылысын көпшілік алдында мойындады және қызметінен кететінін жариялады, – деп хабарлайды Taspanews.kz, Mirror жарияланымына сілтеме жасап.
4 шілдеде сайлауда Кейр Стормердің басшылығындағы Лейбористік партия 14 жылдық Консервативті үстемдік дәуірін аяқтады. "Лейбористер партиясы жалпы сайлауда жеңіске жетті, Мен құттықтау үшін Кейр Стармерге қоңырау шалдым. Бүгін кешке британдықтар шешім шығарды", - деді Сунак.
Сунак өз партиясының сайлауда сәтсіздікке ұшырағаны үшін кінәні өз мойнына алды. Риши Сунак, 2022 жылдың күзінде саяси Олимпке көтеріліп, Ұлыбритания үкіметін басқарған тегі үнді мигранттарынан шыққан алғашқы адам болды.