Тоқаев пен Путин Қазақстан-Ресей байланыстарын нығайту перспективаларын талқылады
Фото: Уикипедия
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Taspanews Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Тоқаев пен Путин Қазақстан-Ресей серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспарларын талқылап, стратегиялық одақ аясындағы қарым-қатынастарды дамытудағы оң үрдістерді атап өтті.
Сондай-ақ, екі ел басшылары екі мемлекет үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы келісімдерді жүзеге асырудағы үйлестірілген жұмысын жоғары бағалады.
Сонымен қатар, маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кездесулердің жоспарлары салыстырылды.
Соңғы рет президенттер 18 мамырда Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты кешігіп қалған туған күнімен құттықтаған кезде бір-біріне телефон соққан.