Тоқсан үш жастағы медиа магнат Руперт Мердок Калифорнияда бесінші рет үйленді
Фото: Америка дауысы
Әйгілі медиамагнат 93 жастағы Руперт Мердок бесінші рет шаңырақ көтерді,- деп хабарлайды Taspanews «Америка дауысы» басылымына сілтеме жасап.
Оның жаңа әйелі бұрын ресейлік кәсіпкер Роман Абрамовичтің қайын енесі болған 67 жастағы Елена Жукова.
Мердок үшін бұл бесінші неке болса, Жукова үшін үшінші болды. Салтанатты шара Калифорнияда, Мердокқа тиесілі жүзім алқабында өтті.