Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысатыны белгілі болды

Фото: Википедия

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 3-4 шілде аралығында Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйым мүшелерінің кездесуі аясында өтетін маңызды іс-шараға қатысады, – деп хабарлайды Taspanews.kz РИА Новости материалына сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысының көмекшісі Юрий Ушаков бұл іс-шарада Владимир Путиннің күн тәртібі тығыз, оның ішінде көптеген екіжақты кездесулер өтетінін айтады.


Қазақстан президенті резиденциясының ресми өкілдері ШЫҰ-на мүше елдердің көшбасшылары түрлі маңызды салаларды қамтып, талқылайтынын атап өтті.