2025 жылы декларацияны кімдер тапсыруы керегі бойынша ұсыныстар келтірілді

Pexels фото на taspanews.kz от 03 марта 2025 22:14
Фото: Pexels

Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялау бойынша ұсыныстар айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодар облысында 2025 жылы 270.00 нысаны бойынша декларацияны шамамен 20 000 жеке адам тапсырады.


Ендігі кезекте ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті 250.00 нысаны бойынша декларацияны кімдер тапсыруы қажет екенін ұсынды. Декларацияны тапсыруға міндеттеу бойынша ұсынылған санаттар:


Шет елде мүлкі бар Қазақстан азаматтары, резиденттер (жылжымайтын мүлік, көлік, шоттарында 1000 АЕК-тен (3,7 млн теңге) астам қаражат барлар);


Жеке практикамен айналысатындар;


Декларацияны ерікті түрде тапсыратын тұлғалар;


Сайланбалы лауазымға, мемлекеттік қызметке орналасуға кандидаттар және олардың жұбайлары;


Банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндер.


Ұсыныс бойынша 270.00 нысаны бойынша декларацияны тапсыруы қажет тұлғалар:


Мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар (оның ішінде квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары) және олардың жұбайлары;


Банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;


Коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары (АҚ-да дауыс беретін акциялардың 10%-дан астам үлесі бар тұлғалар) және олардың жұбайлары (резиденттер);


Жеке практикамен айналысатын адамдар (резиденттер);


Шетелде мүлкі бар тұлғалар (240.00 нысанын ұсыну тәртібіне ұқсас);


Дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген, бірақ дербес салық салынатын табыс алған тұлғалар;


Шетелдік банктерде 1000 АЕК-тен (3,7 млн теңге) астам қаражаты бар резиденттер;


Қазақстанда және шетелде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен (74 млн теңге) асатын ірі мүлік сатып алған резиденттер.


250.00 нысаны бойынша декларация тапсырудан босату шарттары:


Егер жеке тұлғаның шетелде төмендегідей иелігі болмаса, ол декларация тапсырудан босатылады:


 1. жылжымайтын мүлік және көлік;


 2. шетелдік банктегі 1000 АЕК-тен астам қаражат;


 3. инвестициялық және бағалы металдар;


 4. шетелдік компаниядағы қатысу үлестері;


 5. тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;


 6. бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;


 7. брокерлік шоттардағы ақша;


 8. зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;


 9. цифрлық активтер;


 10. дебиторлық/кредиторлық берешек;


 11. құны 1000 АЕК-тен (3,7 млн теңге) асатын мүлік (антиквариат, сәнді заттар және т. б.).


Декларация тапсыру мерзімі – 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін.


Еске салсақ, жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізілуде.


Следите за новостями Taspanews