31 қаңтарда Қазақстанда АҚШ долларының бағамы арзандады

Фото: pexels

Жұма, 2025 жылдың 31 қаңтарында Қазақстанда доллар бағамының көрсеткіші аздап төмендеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Қазақстан қор биржасының (KASE) күндізгі сауда-саттықтың нәтижесінде доллар бағамы алдыңғы саудамен салыстырғанда 1,05 теңгеге арзандап, 518,15 теңгені құрады.


Осы ретте Ресей рублінің бағамы 0,03 теңгеге көтеріліп, қаңтар айының соңында бір рубль үшін 5,29 теңгені құрады.


Қазіргі уақытта айырбастау пункттері келесі бағаларды ұсынады:


- АҚШ доллары орта есеппен 518 теңгеден сатып алынып, 520 теңгеден сатылуда,


- Еуро 538 теңгеден сатып алынды, 542 теңгеден сатылды,


– Рубль 5,20 теңгеден сатып алынып, 5,25 теңгеден сатылуда.


Мұнай бағасы қаңтар айының соңғы күндері олар аздап өсті. Brent маркалы мұнайдың наурыздағы келісімшарты 61 центке қымбаттап, барреліне 77,48 долларды құрады. Сәуір айындағы мұнай фьючерстері 48 центке өсіп, барреліне 76,37 долларға дейін көтерілді. АҚШ-тың WTI маркалы мұнайының бағасы да 65 центке өсіп, 73,38 долларды құрады.