Ақмола облысының бизнес қауымдастығы қосылған құн салығы мөлшерлемесі туралы ойын айтты

Өңірлік кәсіпкерлік палатасы алаңында Ақмола облысының бизнес қауымдастығы мен Қаржы министрлігі вице-президенті Дәурен Темірбеков салық реформаларын талқылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер-министрі сайтына сілтеме жасап. Үкімет мүшелері "Атамекен" ҰКП мен бірлесіп жергілікті жерлердегі кәсіпкерлермен салық саясаты мәселелерін талқылау мақсатында өңірлерде кездесулер жүргізуде. Кезекті Ақмола облысындағы кездесуде Дәурен Темірбеков ҚҚС сараланған мөлшерлемесі туралы Үкімет ұсынысын жеткізді.Салалық қауымдастық өкілдері салық заңнамасына ұсынылатын өзгерістерге қатысты пікір білдірді:«Салықты көтеруден басқа, бюджет шығыстарының құрылымын сыни тұрғыдан қайта қарау маңызды. Өткен жылы енгізілген қатаң бюджеттік ережелердің сақталуына бақылауды күшейту қажет, ел экономикасының ішінде резервтерді іздеу қажет. Еңбекақы төлеу қорына салық жүктемесінің 10%-ға төмендеуі ҚҚС мөлшерлемесін көтеру есебінен өтемақымен қатар жүрмеуі тиіс, ол дербес салық реформасы болуы керек», — деп есептейді Ақмола облысы Туристік қауымдастығының басшысы, туризм және экология салалық кеңесінің төрағасы Қайрат Сұлтанов. Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек қосылған құн салығында мөлшерлеме мен шекті тіркеу мәселесі дұрыс шешілуі керек екенін жеткізді:«Ақмола бизнес-қоғамдастығының пікірі ескеріледі деп үміттенеміз, біз әріптестеріміздің барлық ұсынысын ҰКП Орталық аппараты арқылы қаржы министрлігіне жазбаша түрде жолдаймыз. ҚҚС мөлшерлемесі мен шекті тіркеу мәселесі білікті сарапшылардың, кәсіпкерлер мен депутаттардың пікірін ескере отырып, ақылға қонымды түрде қабылдануы керек», — деп толықтырды ол.Қаржы Вице-министрі ұсыныстар ескерілетінін атап өтті.