Алматыда орташа жалақы 454 мың теңгеге жетті

 фото на taspanews.kz от 05 июня 2024 15:02
Фото: Midjourney

Алматыда 2024 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 454 мың теңгені құрады, - деп хабарлайды Taspanews қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Алматыда 2024 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 454 мың теңгені (республика бойынша – 382 мың теңге) құрады. Номиналды түрде жалақы 16,4%-ға, нақты мәнде 6%-ға өсті», - деп айтылған сәрсенбі күні таратқан хабарламада.


2024 жылдың сәуірінде инфляция наурыздағы 9,7%-дан сәуірдегі 9,1%-ға дейін төмендегені атап өтілді. Жылдық инфляция одан әрі бәсеңдеп, 2024 жылы 7-8%-ға жетеді деп күтілуде.


Сондай-ақ, қалада жаңа жұмыс орындарын, негізінен тұрақты жұмыс орындарын құру белсенді түрде жалғасуда.


«Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны құрылды (осы жылдың жоспары – 87 мың), оның 61 пайызы тұрақты. Сонымен қатар, қабылданған шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 4,7%-ға дейін төмендеп отыр», - делінген хабарламада.

Следите за новостями Taspanews