Атырауда полиэтилен зауытының құрылысы басталды

2025 жылы 31 наурызда Қазақстанның ірі мұнай-газ-химия жобасы – полиэтилен өндіретін «Силлено» зауытының құрылысы басталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазМұнайГаз баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
Жоспар бойынша зауытта жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндірілмек. 20-дан астам полиэтилен түрі шығарылады. Инвестициялар 7 млрд долларды құрады.
Зауыт құрылысы 2028 жылы аяқталып, өндіріс 2029 жылы іске қосылмақ. Құрылыс кезеңінде 8 000 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Өндіріс басталған соң 800 жұмыс орны ашылмақ.
Полиэтилен өндірісіне шикізат ретінде этан таңдап алынды. Кешенде этилен пиролиз қондырғысымен өндіріледі. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары пиролиз қондырғысынан басталды.

Зауыт Қазақстанның полиэтиленге деген ішкі сұранысын қанағаттандырады. Сонымен қатар, өнімді ТМД елдеріне, Еуропа, Қытай мен Түркияға жеткізуді жүзеге асырады. Бұл жоба арқылы Қазақстанның шикізаттық емес экспортты артады.
«Силлено» өнімдері елдегі полиэтилен импортының 90%-ын алмастыра алады, осылайша кәсіпорынның маңызы арта түспек. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 жылы Қазақстанның полиэтилен нарығы шамамен 300 мың тоннаға жетті. Ал сарапшылардың бағалауы бойынша 2035 жылға дейін бұл көрсеткіш 400 мың тоннаға дейін өсуі мүмкін. Қазақстандық тұтынушылардың полиэтиленге деген негізгі сұранысын «Силлено» қамтамасыз етуге дайын»,