Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттады

 фото на taspanews.kz от 03 июня 2024 14:17
Фото: Pexels

Қазақстандағы айырбастау пункттеріндегі доллардың құны демалыс күндерінен кейін өсті, - деп хабарлайды Taspanews ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.


31 мамырдағы жағдай бойынша АҚШ валютасының бағамы 442-445 теңге аралығында өзгерді.


Бүгін Алматыда доллар 446,3 теңгеден, Астана мен Ақтауда 444 теңгеден, Алматы облысында 443 теңгеден сатылуда. Шымкентте айырбастау бағамы 447,4 теңге, ал Павлодар облысында 4467,7 теңге болды. Қостанайда америкалық валюта 446 теңге тұрады.


Следите за новостями Taspanews