БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы 993 040 теңгені құрады

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті. Ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 900 мың теңгеден асты, – деп хабарлайды Taspanews.kz БЖЗҚ ресми ақпаратына сілтеме жасап.
Соңғы бір жылда сома 4,52 трлн теңгеге (25%) артты. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақ 21,69 трлн теңгеден асты (+23,8%), ал міндетті кәсіптік есебінен зейнетақы жарналары 650,21 млрд теңгені құрады (+12,5%).
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) ең жоғары өсімді (45,2%) көрсетіп, шамамен 8 млрд теңгеге жетті. 2025 жылдың қаңтар айында салымшылардың шоттарына 234,24 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті (+24,8%). БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 128,86 млрд теңгені құрады.
«78,09 млрд аса теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ). Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 16,78 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,2% жоғары. Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 6,32 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 3,29 млрд аса теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 272,60 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 989,23 млн теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 23,1 млрд теңге аударылды. Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем – 35 523 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы – 993 040 теңге»,
– делінген БЖЗҚ хабарламасында.