Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекінің ең төменгі бағасы көтеріледі
2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасы 20 дана үшін 820 теңгеге дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі «Открытие НПА» сайтына сілтеме жасап
1 шілдеден бастап Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасы көтеріледі. Қазіргі уақытта ең төменгі баға 20 темекі үшін 770 теңге.
«Ашық құқықтық актілер» порталында жарияланған ҚР Қаржы министрлігінің жаңа бұйрығында бұл бағаны 820 теңгеге дейін көтеру көзделген.
Жаңа тарифтерді қолдану мерзімдері белгіленді: 2024 жылдың 1 шілдеден 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 20 темекіге 820 теңге; 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 20 темекіге 870 теңге.
Биылғы жылдың басынан бері ең төменгі баға 770 теңге болып бекітілді. Қаңтар айынан бастап акциз ставкаларының өсімі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ақпан айында Қазақстанда инфляция 9,3 пайызды құрады. Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді ұсынды. Жаңа бұйрық 1 шілдеден бастап күшіне енеді.