Қазақстанда 5 айдың ішінде 7,4 млн астық тиелді

Фото: Pexels
«ҚТЖ» ҰК» АҚ салалық өкілдермен бірге Астық штабы отырысын өткізді, — деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚТЖ сілтеме жасап.
Штаб отырысында астық тиелуіне аса назар аударылды.
2024 жылы қыркүйектен 2025 ақпанға дейін ҚТЖ желісіне 7,4 млн тонна жаңа егін астығы тиелді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 47%-ға артық. Ішкі тасымал 1,6 млн тоннаға, экспорт 5,8 млн тоннаға жетті.
"Экспорт барлық негізгі бағыттарда өсті: Орталық Азияға — 3,2 млн тонна (+33%), Ауғанстанға — 248 мың тонна (+36%). Иранға — 660 мың тонна (17 есе өсім), Әзірбайжанға — 360 мың тонна (90 есе өсім) жеткізілім қайта жанданды",
2025 жылдың қаңтар-ақпанының өзінде 2,4 млн тонна астық тасымалданды, оның 1,9 млн тоннасы экспортталды. Наурыз айындағы мерекелер кезінде тиеу қарқыны азайған.