Қазақстанда ақпан айында тұрғын үйді алып-сату мәмілелері көбейген

Freepik фото на taspanews.kz от 12 марта 2025 12:44
Фото: Freepik

Соңғы жыл ішінде елдегі тұрғын үй нарығы баға өсімін көрсетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz QazStat сілтеме жасап.


Бір жыл ішінде жаңа үйлер 4,8%-ға, қолданыстағы пәтерлер 5,4%-ға, жалға беру бағасы 12%-ға қымбаттады. Ең жоғары өсім:


Жаңа үйлер – Павлодар (+16,3%), Көкшетау (+15%);


Қолданыстағы пәтерлер – Атырау (+18,7%), Қонаев (+14,4%);


Жалға беру – Талдықорған (+31,1%), Астана (+29,3%), Семей (+22%).


Ақпанда 29 022 тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі жасалды. Ең үлкен өсім Павлодар (+17,3%), Солтүстік Қазақстан (+11,9%), Алматы (+9,3%) облыстарында тіркелді. Ал Қызылорда (-24,8%), Атырау (-23,9%) және Астанада (-12,9%) мәмілелер саны азайды.  


Следите за новостями Taspanews