Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі өсті

Фото: Pexels
Елімізде ауыл шаруашылығы техникасын шығару саласы қарқынды дамуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz QazStat.kz сілтеме жасап.
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда астық жинау комбайндарының өндірісі 3,2%-ға артып, 1088 бірлікті құрады. Сондай-ақ, ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторлар өндірісі де ұлғайды.
Есеп кезеңінде 6 421 трактор шығарылып, көрсеткіш соңғы жылмен салыстырғанда 18,9%-ға артты. Қазақстанда машина жасау 2024 жылы 9,7%-ға артып, елде 320 кәсіпорын осы бағытта жұмыс істеп келді.