Қазақстанда доллар арзандады: 22 қаңтардағы валюта бағамы
ҚР Ұлттық банкі мен ірі қалалардағы айырбастау пункттері сәрсенбі, 2025 жылғы 22 қаңтардағы жағдай бойынша шетел валюталарының бағамын жаңартты, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми валюта бағамдары төмендегідей:
АҚШ доллары – 527,58 теңге;
Еуро – 546,15 теңге;
Ресей рублі – 5,29 теңге.
Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттерінде қолма-қол айырбастаудың құны ресми бағалардан аздап ерекшеленеді:
АҚШ доллары
Алматыда долларды орташа сатып алу – 524,51 теңге, сату – 527,70 теңге.
Астанада долларды сатып алу – 525,05 теңге, сату – 529,42 теңге.
Еуро
Алматыда еуропалық валюта 543,06 теңгеден сатып алынып, 548,42 теңгеден сатылуда.
Астанада еуроны сатып алу – 543,18 теңге, сату – 548,65 теңге.
Ресей рублі
Алматыда Ресей рублі 5,16 теңгеден сатып алынып, 5,29 теңгеден сатылуда.
Астанада рубль бағамы сатып алу кезінде 5,16 теңге, сату кезінде 5,22 теңге.