Қазақстанда қант бағасы күрт көтерілді

Фото: Pexels
Қазақстанда 25 ақпан - 4 наурыз аралығында қанттың бағасы 1,4%-ға күрт өсті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Data Hub сілтеме жасап.
Қалалар бойынша салыстырсақ, қанттың бағасы Өскемен, Павлодар мен Петропавлда ең жылдам өскен. Бір аптаның ішінде өсім 3,4%-ы құрады. Құн қаңтардың ортасынан бастап артып, әлі де жалғасын табуда.
Қанттың көп бөлігі шет елден әкелінгені белгілі, оның ішінде Ресей бірінгі орында.
Бұрынырақ мұндай құн өсімі 2024 жылы сәуір айында және 2022 жылы тамыз айында байқалған. 2024-жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық өнім 26% құрады.