Қазақстанда картоптың бағасының өсуіне себеп болған 2024-жылғы экспорттың көлемі қаншаны құрады?
Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сай, Қазақстаннан картопты экспорттау 2024-жылдың қаңтар-сәуір мен қыркүйек-қараша айларында едәуір көп болған, – деп хабарлайды Taspanews.kz energyprom.kz cілтеме жасап.
Сол жылдың басында ғана картоптың айлық экспортталуы 2023 жылдың бірінші айларымен салыстырғанда 3 есе көп болды. 2024-жылғы егін жинау кезінде картоптың экспорты айына 60 мың тоннадан көп болған.
2024 жылдың қаңтар-қараша аралығындағы экспорттың құны 47 млн АҚШ долларды құрады, ал көлемі 2023-жылға қарағанда 56%-ға көбірек болды. Экспорттан келетін пайда соңғы жылдармен салыстырғанда 2024-жылы рекордты көрсеткіштерге ие болды.
Экспорттаудың басты көздері Шымкент пен Түркістан облысы екені анықталды. 2024-жылдың 11 айында осы жерлерден 490,7 тонна картоп басқа елдерге сатылып тұрды.
Сыртқа экспортталатын картоптың құнының өсуі елдегі картоптың сатылу құнына әсер етті. Осы орайда, ҚР Үкіметі Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге 6 ай бойы картоп экспортын шектеді. Яғни, 2024-жылы Қазақстаннан картопты молынан импорттарған елдерге картоп жеткізу шектелді. 16-қаңтарда картоп бойынша берілетін фитосанитарлық сертификаттарды беру тоқтатылды.