Қазақстанда тіс дәрігерлері 209,9 млрд теңге табыс тапқан

Pexels фото на taspanews.kz от 05 марта 2025 17:46
Фото: Pexels

2024 жылғы көрсеткіш бойынша қазақстандық тіс дәрігерлері рекордтық көрсеткіш көрсете табыс тапқан, – деп хабарлайды Taspanews.kz Data.hub ақпаратына сілтеме жасап.


Мұндай табыс көлеміне соңғы бес жыл ішінде бірінші рет қол жеткізілді. 2021-2022 жылдары бұл жеткіліктілік шегін ескере, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға рұқсат берілумен байланысты болса, кейіннен аталған шектердің көтерілуі әсер етті.


«2024 жылы стоматологиялық қызметтердің өсуі зейнетақы алуға шектеулер енгізуге, сондай-ақ жұмыс істейтін зейнеткерлерге бюджеттік төлемдерді тоқтата тұрумен байланысты болды. Бұл бастамалардың ешқайсысы шындыққа айналмағанмен, қазақстандықтарды барынша қорқытып үлгерді», – делінген Data.Hub ақпаратында.

Одан бөлек, тіс емдеу қызметінің қымбаттағаны да рекордтық көрсеткішке әкелді.


Следите за новостями Taspanews