Қазақстанда жарнама нарығы мен нарық конъюнктурасы 50%-ға өсті

P фото на taspanews.kz от 04 марта 2025 18:29
Фото: Pexels

Қазақстанда жарнама саласында және нарық конъюнктурасын зерттеуде көрсетілген қызметтер көлемі бір жылда 50%-ға ұлғайып, 760,5 млрд теңгені құрады, – деп хабарлайды Taspanews.kz QazStat ақпаратына сілтеме жасап.


2024 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында жарнама агенттіктері 642,8 млрд теңгенің қызметін көрсетіп, 43,8%-ға өсім көрсетті. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама көлемі 4,6 есе артып, 51,5 млрд теңгеге жетті. Нарық конъюнктурасын зерттеу мен қоғамдық пікірді зерделеу қызметтері 35,4%-ға өсіп, 66,1 млрд теңгені құрады.


Өңірлік тұрғыда жарнама нарығының негізгі бөлігі Алматыда шоғырланып, 663,3 млрд теңгені немесе жалпы көлемнің 87%-ын құрады.


Следите за новостями Taspanews