Қазақстандағы әйелдер саны 10,4 миллионға жетті

Pexels фото на taspanews.kz от 11 марта 2025 14:08
Фото: Pexels

Еліміздегі әйелдер саны соңғы он жылда 15,2% өсіп, 10 381 377 адамды құрады, бұл жалпы халық санының 51,1%-ын құрайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz QazStat сілтеме жасап.


Әйелдердің 64,4%-ы қалада, 35,6%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Өңірлер бойынша әйелдердің ең көп бөлігі Алматыда (1,2 млн), Түркістан облысында (1 млн) және Астанада (803 мың) шоғырланған. Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі Астанада байқалды – 82,1%. Ал Алматыда бұл көрсеткіш 37,5%, Маңғыстау облысында 32,5% өсті.


Жас ерекшелігі бойынша:


18 жасқа дейінгі қыз балалар – 3,3 млн;


18-60 жас аралығындағы әйелдер – 5,3 млн;


60 жастан асқан әжелер – 1,7 млн.


Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас.


Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел еңбек нарығында белсенді, әсіресе білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында көп жұмыс істейді.


Следите за новостями Taspanews