Қазақстандағы доллар бағамы 517 теңгеден де азая түсті

Фото: pixabay.com
2025 жылғы 29 қаңтар күні Қазақстандық қор биржасында (KASE) өткен таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 516,52 теңгені құрады, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
АҚШ валютасының бағамы айырбастау пункттерінде әртүрлі.
Астанада доллардың сатылу бағасының ең үлкен көрсеткіші – 523 теңге, Алматыда 520,5 теңгеге жетті.
Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 516,13 теңге деңгейінде бекітті, ол күні бойына жарамды болады. Жаңа бағам KASE сауда-саттығының қорытындысы бойынша белгіленеді және 30-қаңтардан бастап күшіне енеді.
Сарапшылар теңге бағамының құбылуын мұнай бағасының динамикасы, әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдай және шетел валютасына ішкі сұраныспен байланыстырады.