Қазақстандағы МҚҰ активтерін 45 млрд теңгеге ұлғайтады

 фото на taspanews.kz от 04 июня 2024 15:07
Фото: Pexels

Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) активтері 2024 жылдың бірінші тоқсанында 45 миллиард теңгеге өсті. Бұл туралы Taspanews Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі барлық микроқаржы ұйымдарының активтері 1,7%-ға өсіп, 2,6 трлн теңгеге жеткен. Өсудің негізгі факторы микроқаржы ұйымдарының несие портфелінің ұлғаюы болды.


Құжатқа сәйкес, активтердің қомақты үлесін микроқаржы ұйымдары – 1,4 трлн теңге, несие серіктестіктері – 867 млрд теңге және ломбардтар – 323 млрд теңге құрайды.


Барлық МҚҰ міндеттемелері осы кезеңде 1%-ға ұлғайып, жалпы міндеттемелердің 76%-дан астамын құрайтын несиелерді тарту есебінен 1,8 трлн. теңгеге жетті.


МҚҰ-ның меншікті капиталы негізінен жарғылық капитал мен бөлінбеген кірістің өсуі есебінен 3,3%-ға өсіп, 879 млрд теңгеге жетті.


2024 жылдың сәуір айының басында Қазақстанда 228 микроқаржы ұйымы, 215 несие серіктестігі және 518 ломбард жұмыс істеді.


Следите за новостями Taspanews