Қазақстаннан Қытайға жөнелтілетін өсімдік майы мен жемшөп экспорты ұлғайды

 Pexels фото на taspanews.kz от 05 марта 2025 10:38
Фото: Pexels

2024 жылдың қыркүйегі 2025 жылдың ақпанына дейінгі көрсеткіш бойынша Қытайға өсімдік майы мен жемшөпті экспорттау бойынша рекорд орнатылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚТЖ сілтеме жасап.


Теміржол арқылы тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге өсті. Қосылған құны жоғары өнімдерінің экспорты да ұлғайды. Бұл өсім жабық вагондарда да, контейнерлер бойынша да байқалады.


«Өсімдік майының экспорты тұрақты өсуді жалғастыруда: соңғы алты айда оның көлемі 93 мың тоннаны құрады, бұл 2023/24 маркетингтік жылмен (МЖ) салыстырғанда 19% және 2022/23 МЖ-ға қарағанда 47% жоғары. Қытайға 794 мың тонна астық шикізаты және 171 мың тонна ұнтақ өнімдері экспортталды»,  – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews