Қазақстаннан теңіз көлігі арқылы жүк тасымалдау көлемі артуда

Фото: Freepik
2019 жылдан бері Қазақстаннан теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 20%-ға өскен, – деп хабарлайды Taspanews ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Одан бөлек, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдаудың айтарлықтай өсімі байқалады. ТХКБ арқылы транзиттік тасымал көлемі де осы жылмен салыстырғанда 6 есеге өскен. Қазақстандық өнім экспорты 12 есе артты.
Мемлекет басшысы атап өткен Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз жаңа тас жолы да бұл бағытта маңызды нысан болмақ.