Қазақстанның уран бойынша активтерінің бір бөлігі Қытайға өтеді

Уран фото на taspanews.kz от 17 декабря 2024 18:33
Фото: Қазатомөнеркәсіп

17 желтоқсанда ресейлік компаниялардың кейбір бірлескен кәсіпорындардан шығатыны белгілі болды. Қытайлық компаниялармен жасалған келісімдер – бұл жаңа нарықтарды ашатын, санкциялардың қаупін азайтатын серпіліс, – деп хабарлайды Taspanews.kz "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ сайтына сілтеме жасап.


Мәміле аясында «Росатом» құрылымына кіретін ресейлік «Uranium One Group» АҚ өз активтерінің бір бөлігін қытайлық SNURDC Astana Mining Company Limited және China Uranium Development Company Limited алпауыттарына береді. Ол активтер – уран өндіруші негізгі кәсіпорындардағы үлестер: "Заречное" СП" АҚ, Хорасан-У" СП" ЖШС және "Қызылқұм" ЖШС.


"Ресейдің Санкт-Петербург порты арқылы өтетін дәстүрлі маршруттан бөлек, басқа да жол ашылады. Қазақстан мен Қытай Алашанькоу шекара өткелі арқылы жаңа транзиттік дәліз құруда, бұл уранды қытайлық серіктестерге үздіксіз жеткізуге мүмкіндік береді. Қытай әлемдегі уранды ең көп тұтынушылардың бірі болып қала береді, ал Қазақстанға жақындығы логистикалық шығындарды азайтып, табысты жеткізуге ықпал етеді", –  Қазатомөнеркәсіп.

Ұлттық компанияның мәліметінше, өткен жылы он ішінде Қазақстан уранды экспорттау арқылы 2,46 миллиард доллар табыс тапқан. Қытай 922,7 миллион долларға, Ресей 1,2 млрд долларға өнім сатып алды. Қытаймен жасалған жаңа келісімдер әлемдік уран нарығын толығымен өзгертуі мүмкін.


Қазақстан өзіне тұрақты экспортты және жаңа жеткізу бағыттарын қамтамасыз етіп қана қоймай, жаһандық ядролық энергетикадағы көшбасшы орындардың біріне орналаспақ.


Следите за новостями Taspanews