ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы өз мәлімдемесінде ҚР ҰБ Төрағасы Т. М. Сүлейменов мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.
Шешім ішкі және сыртқы нарықты, инфляция мен экономикалық процестердің негізінде қабылданды.
Тәуекел балансы проинфляциялық жаққа ығысып келеді. Бұған ішкі экономикадағы инфляциялық факторлар – фискалдық ынталандырудың жалғасуы, тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің өсуі, теңгенің әлсіреуі мен тұтынушылық сұраныстың артуы себеп болды.
«Сыртқы ортада баға қысымы күшейіп тұр. Оған еліміздің негізгі сауда-серіктесі — Ресейде инфляцияның күшеюі себеп. Оның үстіне, соңғы айларда жетекші экономикаларда инфляция үдеп келеді. Соның өзі әлемдегі ставкалардың ұзақ уақыт жоғары болып қалуына себеп болып отыр. Бұл өзгерістер доллардың нығаюына әсер етті. Дамушы елдердің валюталарына, оның ішінде теңгеге де қысым күшейіп келеді», -
Жалпы кредит шоттары жұмсарды, макроэкономикадағы болжамды жаңарта, осы орайда инфляцияны 5% таргетке орнықты төмендеу траекториясына қайтару үшін ақша кредит саясатын қосымша қатаңдату қажеттігі айтылды.