Қытайға мұнай өнімдерін тасымалдау 50%-ға артты

Фото: ҚТЖ
"Қазақстан темір жолы" ҰҚ АҚ келтірген мәліметке сай Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жол тасымалы 2025 жылдың қаңтарында 2,8 млн тоннаға жетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚТЖ баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тасымалданған жүк 18%-ға артты. Қазақстаннан ҚХР жіберілетін жүк экспорты 5%-ға көбейіп, 1, 1 млн тоннаны құрады.
Қара металлдарды тасымалдау 77%-ға, мұнай өнімдерін тасымалдау 50%-ға, металл кендерін тасымалдау 5%-ға артты.