Малайзиялық компания Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Малайзиялық корпорация Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынасты тереңдетуге ұмтылуда. Астанада 2024 жылғы 6 маусымда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Малайзиялық Markmore Group компаниясының төрағасы Тан Шри Халим Саадпен кездесті, – деп хабарлайды Taspanews ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін, соның ішінде энергетика және сұйытылған табиғи газды өндіру бойынша газ өңдеу зауытын салу жобасын талқылады.
Бұл компанияның ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар, сонымен қатар фармацевтика, қалалық көлік (LRT), білім беру және т.б. салаларда маманданған.