Сарапшы зейнетақы қорындағы қаражатты алтынға салу керек екенін баса айтты
Экономика маманы Саян Комбаров Taspanews.kz тілшілеріне берген сұхбатында қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатты алтынға инвестициялау қажет екенін айтты. Сарапшы әлемдік және ұлттық экономикадағы тұрақсыздыққа байланысты алтын сенім актив болып қала беретініне күмән келтірмейді.
БЖЗҚ 2024 жылы 11 айы бойы қазақстандық азаматтардың зейнетақы қаражаты қалай инвестицияланғаны туралы есеп берді. Өткен жылдың қиын-қыстау кезеңдері мен 8,6% инфляцияға қарамастан, жеке меншік зейнетақы қорлары табыс тапты. Олар +13,91% - дан +15,41% - ға дейінгі нәтижені көрсетті. БЖЗҚ бұл шағын рейтингте +14,85% көрсеткішімен орналасты. Алайда, қоғамдағы девальвациялық болжамдар аясында зейнетақы қорларының бұл кішігірім жеңісі күмән тудырады және сарапшылар қауымдастығында халықтың зейнетақысын инвестициялау стратегиясының дұрыстығы туралы пікірталас қайта басталды.
Алдағы 2025 жылы түрлі өгерістер болатын көрінеді. Біздің экономикамыз ел ішіндегі және сыртқы факторларға тап болуда. Трамптың келуі және оның долларды нығайтуға дайындығы инвесторларды халықтың зейнетақы қаражатын сенімді сақтап, тиімлі қолдану құрылымын қайта қарап, нығайтуға итермелейді. Мәселен, еуропалық зейнетақы қорларының көбісі алтынға инвестиция жасауда. Үрдіс іс жүзінде 5 жыл бұрын басталды, алайда қазіргі таңдағы тұрақсыз геосаяси жағдай аясында тіпті өзекті бола түсті. Бұл Дүниежүзілік алтын кеңесінің есебінде айқын көрініс тапты: Ұлыбритания зейнетақы қорларының үштен біріне жуығы алтынға инвестициялауды көбейтуге ниетті. Осы әрекетке себеп болған жағдайлар қатарына қор респонденттері зейнетақы сомасын (портфельді) диверсификациялау, инфляциядан қорғану мен АҚШ долларының девальвациясынан сақтануды келтірді.
Біздің зейнетақымызды қалай инвестицияланады?
Taspanews.kz редакциясы қазақстандық зейнетақы қорларының ақшаны бөліп, сақтап, инвестиция жасауын мұқият талдады. БЖЗҚ активтерінің жалпы көлемі 22 119, 93 млрд теңгені құрайды. Портфель құрылымы туралы деректерден халықтың қаражаты ҚР Қаржы министрлігінің және дамыған-дамушы елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарына салынатыны анық болды. Зейнетақының бір бөлігін басқаратын жеке меншік қорлар портфелінің құрылымы екінші деңгейдегі банктердің облигацияларынан, квазимемлекеттік сектордың облигацияларынан, сондай-ақ ҚРҰБ ноталарынан құралады. Жеке меншік қорлар ETF пайларын да қолдануда. Сонымен қатар, Қазақстанда қаражатты депозитке салу тәжірибесі азайып келеді. Қорлардың ешқайсысы алтынға инвестициялап жатқан жоқ екені байқалды.
Алтынның құны өсе ме?
Сұхбаттан бұрын экономика маманы Саян Комбаров Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында халықтың зейнетақысын инвестициялау стратегиясын өзгерту қажеттігі туралы жазған. Ол 2008 жылы өзінің БЖЗҚ шотында жатқан 5 млн теңге сол кездегі троя унциясы бойынша 800$ бағамен алтынға инвестицияланғанда, бүгін шотында шамамен 70 млн теңге болатын еді деген қарапайым есеп жүргізді. Қазіргі таңда, оның зейнетақы шотындағы қаражат әлдеқайда аз.
«2005-жылдан бері алтынның құны 5 есеге өсті. Алайда, қазақстандық зейнетақы қорлары алтынға ақша салуға асықпайды. Бүгінгі таңда бізге көрсетілетін кіріс іс жүзінде депозиттердің кірісіне тең. Бұл қаражатты инвестициялау емес, жинақтауға көбірек ұқсас. Өкінішке орай, бүгінде зейнетақы қоры қажеттіліктерді өтеуге, жетіспеушіліктерді жоюға жұмсалады. Алайда, жағдай шиеленісе түсуде, сондықтан түрлі нұсқаларды қарастыруға тура келеді. 2024 жылы алтын 30%-ға өсті, биткоиннан кейін кіріс бойынша екінші орында.Бір қызығы, алтын бізде қауіпті актив болып саналады, іс жүзінде ол өте тиімді актив. Бүгінде бұл айқын байқалады. Доллар сияқты алтынды басып шығару мүмкін емес. Түрлі қанағаттандырмайтын болжамдар жасалып жатқан кезде, девальвация жағдайында жаңа құралдарды қолдануға тура келеді», –
Еске салсақ, алтынға деген сұраныс ФРЖ-ның позициясы мен Дональд Трамптың сауда тарифтерін енгізу жоспарлары аясында өсіп келеді. Осылайша, инвесторлар сенімді құрал іздеуде.