Шоколад бағасы күрт қымбаттады: жаңа рекорд орнатылды
Фото: Pexels
Қазақстанда шоколад бағасы соңғы тоғыз жылда жаңа рекорд орнатты, – деп хабарлайды Taspanews.kz QazStat сілтеме жасап.
Ақпанда бір ай ішінде өнім 4,5%-ға қымбаттап, өсім қарқыны 2015 жылдың қарашасынан бері болмаған көрсеткішке көтерілді.
Мамыр айын қоспағанда соңғы 13 ай бойы шоколад бағасының өсімі тұрақты түрде 1%-дан асып тұрды. 2024 жылдың ақпанына дейін бағаның қымбаттауы 25,1%-ға жетті.
Сарапшылар баға өсімін Батыс Африкадағы какао тапшылығымен байланыстырады. Қазақстан шоколадтың 59%-ын импорттайды, негізгі жеткізуші – Ресей.
Сауда министрлігі шикізат жеткізілімінде қиындықтар барын растағанымен, бағаның күрт өсуі күтілмегенін мәлімдеді.