Үкімет тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Pexels фото на taspanews.kz от 19 марта 2025 17:10
Фото: Pexels

Көктемгі егіс жұмысына дайындық жасауға көмек ретінде ҚР Үкіметі органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда, өзге тыңайтқыштарды субсидиялау үшін 48,4 млрд теңге бөлді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премькр-министрінің сайтына сілтеме жасап.


Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының әкімдіктеріне тыңайтқыштар құнын субсидиялауға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде қаражат аудару көзделді.


Бірінші кезекте бөлінген ақшаның негізгі бөлігі минералды тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігін іске асыруға бағытталды. Бұл бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге арзандатылған тыңайтқыштарды жеткізу үшін отандық зауыттар шоттарына алдын ала аударылады.


Следите за новостями Taspanews