Ұлттық банк ескі үлгідегі АҚШ долларын сатып алу бойынша комиссиялық сыйақыны төмендетті

Pexels фото на taspanews.kz от 05 февраля 2025 09:57
Фото: Pexels

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктерден қолма-қол ескі үлгідегі АҚШ долларын сатып алу бойынша комиссиялық сыйақыны 0,3%-ға дейін төмендетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


2024-жылы ҚР Ұлттық банкінің сұраныстан шыққан долларларды шет елге шығаруының нәтижесінде АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесімен ескі үлгідегі долларды қабылдау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.


«Бұл өз кезегінде тасымалдау, сақтандыру секілді басқа да шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша аталған операциялар бойынша комиссиялық сыйақы 0,3%-ға дейін төмендетілді»,  – делінген ҚР Ұлттық банкі хабарламасында.

«Бұл өз кезегінде тасымалдау, сақтандыру секілді басқа да потенциалды шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша аталған операциялар бойынша комиссиялық сыйақы 0,3%-ға дейін төмендетілді», – делінген ҚР Ұлттық банкі хабарламасында.


Следите за новостями Taspanews